Қытайда жыл сайын өтетін "Бокс королі" чемпионатында шынжаңдық қазақ боксшысы жеңімпаз атанды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды тізе бүктіріп, "король" чемпиондық белдігін жеңіп алған.

Шетелдік басылымның жазуынша, Тоқтарбектің бұл жолғы қарсыласы осы турнирдің екі мәрте "Қытайдың бокс королі" атанған - Уын Инхаң.


Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1711385-kazak-zigiti-kytajda-boks-koroli-atandy-foto/