Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде хабарланды. Осы жаңалықтан соң желі қолданушылары GGG-дің бокс кешіне арнап шақырту қағазын жасап шығарған. "Тойға шақыртуды" "бойға шақырту" деп өзгерткен әзілкештердің ісі елді күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оскар Де Ла Хояның айтуынша, жекпе-жек Мексиканың тәуелсіздік күніне орай 15 қыркүйекке жоспарланған.
Осыдан біраз уақыт бұрын желіде Головкин мен Канелоның жекпе-жегінің ресми промо-ролигі пайда болған болатын.
Айта кететіні, Головкин мен Альварестің қай жерде жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1737379-bojga-sakyru-golovkin-men-alvaresti-sakyru-kagazy-eldi-klkige-karyk-kyldy-foto/