Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

52 мың доллар: Головкин - Альварес кездесуінің ең қымбат билеті қанша тұрады?

Опубликовано:

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематчтың билеттері сатылымға шықты деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: UGC

Жыл жекпе-жегі саналатын кездесудің ең арзан билеті 566 доллар екен. Ал ең қымбатын 52 мың долларға сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Сауль Альварес былтыр қыркүйекте алғаш рет жұдырықтасып, соңы дауға ұласқан тең нәтиже тіркелген еді.

Боксшылар арасындағы екінші жекпе-жек биыл мамырда өтуі тиіс болған, алайда жыл басында Канело допингпен ұсталып, жарты жылға жазаланды.

Енді боксшылардың рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1743728-52-my-dollar-golovkin-alvares-kezdesuini-e-kymbat-bileti-kansa-trady/

pixel