Танымал боксшы Қанат Ислам Қазақстанның атын шығаратын бокстағы жігіттерді атады деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт - Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын", - дейді Қанат Ислам.
Сондай-ақ қатар, боксшы Қазақстанның атын әлемге танытатын тағы екі боксшыны атады. Олар: Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов
"Мықты болмаса, кем емес", - дейді Қанат Ислам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1776397-lemdi-sulatady-kanat-islam-kazakstanny-atyn-sygaratyn-bokssylardy-atady/