Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин : Instagram

Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі қашан өтетінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның берген мәліметтеріне сәйкес, кездесу желтоқсан айында АҚШ-та өтеді. Жекпе-жек DAZN спорт стримингтік сервисінде трансляцияланды

"Геннадий Головкиннің Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Стримингтік сервис мұны ұйымдастырған соң GGG 2021 жылдың көктемінде әлдеқайда маңызды кездесулер өткізетін болады", - деп жазды Коппинджер Twitter-де.

Алғашында Геннадий Головкин 2020 жылдың ақпан айында рингке оралады деген болжам жасалған еді. Кейін жекпе-жек наурыз айына шегерілді. Қазақстандық спортшы жаттығу лагерінде жіліншігін жарақаттап алғандықтан, Шереметаға қарсы жекпе-жектің уақытын өзгерткен болатын.

Еске салсақ, бұған дейін біз Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте аргентиналық қарсыласын нокаутқа жібергенін жазған едік.

Одан бөлек, Қанат Исламның АҚШ-та өтетін жекпе-жегі кейінге шегерілгенін жазған болатынбыз. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 16 қазан күні АҚШ-та рингке шығады деп күтілген. Алайда бұл жекпе-жек оның қарсыласы Хесус Гурроланың құжаттарының дұрыс болмауына байланысты шегерілген. Белгілі болғандай, ол виза рәсімдей алмаған. Дереккөздің мәліметіне сәйкес, қазақстандық боксшы қазіргі таңда АҚШ-та жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1883530-golovkinni-kelesi-zekpe-zegi-kasan-tedi/