Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыны ұтты

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов. Фото: instagram

Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Екатеринбург қаласында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Отандасымыз ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) рингке шықты.

Жекпе-жек барысында бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов өз соққыларын көбірек дарытып отырды.

Әсіресе, үшінші раундта жекпе-жекті ерте аяқтайтындай көрінген. Бірақ Баландин толық сегіз раунд бойы шыдап бақты.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа берілді.

Осылайша отандық боксшы кәсіпқой бокстағы 14-інші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Мейірім бір жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған екен. Ол соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізген еді. Онда қазақстандық боксшы WBC (USNBC) версиясы бойынша аймақтық АҚШ чемпионы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1888013-zeilis-krmegen-mejirim-nrsltanov-resejlik-bokssyny-zeip-sykty/

pixel