jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қанат Ислам шаршы алаңға қашан оралады

    Қанат Ислам боксшы
    Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

    Қазақстандық боксшы Қанат Исламның рингке қашан оралатыны белгілі болды. Боксшы 2019 жылдың қазан айынан бері жекпе-жектерге қатыспаған.

    Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, Қанат Ислам АҚШ-тағы Miami Title Night бокс кешіне қатысады. Іс-шара ағымдағы жылдың 20 ақпанында өтеді.

    Порталдың хабарлауынша, Қанат рингте Гананың боксшысы Ободай Сайға қарсы өнер көрсетеді. Африкандықтың 35 жеңісі бар (26-сы уақытынан бұрын), сонымен қатар 3 жеңіліс және бір тең ойын. Қазақстандық 27 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

    Айта кеткен жөн, Гана спортшысының да рингте ұзақ уақыт өнер көрсетпеген. Ол соңғы рет 2019 жылдың тамыз айында Конгода қолғап түйістірген.

    Еске салсақ, Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварестің барлық қарсыластардан несімен ерекшеленетіні туралы айтты.

    GGG-дің мансабындағы алғашқы жеңілісіне себепкер болған – Сауль Альварес. Бірақ көптеген жанкүйер мен сарапшы төрешілер шешімін даулы деп санайды.

    Бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді мансабын аяқтауға шақырды.

    Ол GGG-дің қандай проблемалары бар екенін, оған қоса неліктен оның спорттан кеткені жөн екенін айтты. Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, "қолғабын шегеге ілетін кез келді" деп санайды.

    Қанат Ислам шаршы алаңға қашан оралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.