Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол-жыртқыш": Головкиннің спарринг өткізген боксшы оның қабілеті жайлы айтты

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

Кезінде отандасымыз Геннадий Головкинмен спарринг өткізген америкалық боксшы Нэйтан Уэстон GGG-дің қабілеті туралы айтып берді деп хабарлайды Sports.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Нэйтан өзінің бірнеше үздік боксшылармен жұмыс істегенін айтады. Оның сөзінше, спарринг өткізгендердің ішіндегі ең мықтысы - Геннадий Головкин болған.

"Головкин қарсыласының осал тұсын тауып алып, оны сұлатуға белсене кірісетінін барлығы біледі. Ал егер оған соққы жұмсасаң, ол тоқтамайды. Бұл жігіт әрқашан өз қалпында. Ол-жыртқыш", – деп боксшы қазақстандықтың шеберлігін бағалады.

Нэйтанның айтуынша, GGG-дің жеңістерінің құпиясы – оның аса керемет қабілетінің арқасында.

"Менің ойымша, Головкин қарсыласын нокаутқа түсіре алатынын жақсы білетін сияқты, бірақ ол асықпайды, себебі қолайлы сәтті күтеді. Әрбір спортшы қателік жібереді, Головкин жойқын соққыларын дарыту үшін қарсыластарының сол қателік жіберген сәтін күтеді. Бұл оның өзін жайлы әрі еркін сезінуіне көмектеседі. Менің ойымша бұл оған берілген ерекше қабілет", – дейді Нэйтан Уэстон.

Америкалық боксшы Хайме Мунгияны ең мықты боксшылар арасындағы екінші орынға қойды.

Нэйтан онымен де спарринг жасаған. Спортшы сонымен қатар Сергей Богачуктың шеберлігін атап өтті.

Оның айтуынша, кейбіреулер украиналықты GGG-мен салыстырады. Дегенмен Нэйтан Богачуктің деңгейі төмен деп санайды.

Соған қарамастан, ол Сергейді өте жақсы боксшы деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1900383-golovkinmen-sparring-otkizgen-bokssy-onyn-qabileti-zaily-aitty/