jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық турнирде 4 медаль жеңіп алды

    Боксшы
    Фото: olympic.kz

    Болгарияда өтіп жатқан халықаралық "Странджа-2021" турнирінде еліміздің боксшы қыздары 4 медаль еншіледі деп хабарлайды Olympic.kz.

    Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова бокстан халықаралық "Странджа-2021" турнирінің жеңімпазы атанды. Ол әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан жарыста қарсылас шақ келтірмеді.

    Ал 51 келіде сынға түскен Ангелина Лукас пен 75 келіде шаршы алаңға шыққан Надежда Рябец ел қоржынына қос күмісті салды.

    Карина Ибрагимова болса, қола жүлдені еншілеп отыр.

    Айта кетсек, ерлер құрамасынан еліміздің намысын қорғаған боксшылар Бейбарыс Жексен мен Нұрқанат Райыс Болгарияда өткен халықаралық доданың қола жүлдегерлері атанған болатын.

    Еске салсақ, бұған дейін Boxing.pl журналисі Конрад Будынек отандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің алдағы уақыттағы жоспарларына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

    Сарапшының пікірінше, 38 жастағы қазақстандық боксшының басқа қолжетімді нұсқаларының бар болғанына қарамастан, басты мақсаты Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізу болып отыр.

    "Промоутерлер Головкинге әуелі Муратамен, сосын Андрадемен жұдырықтасуға рұқсат беретін еді, бірақ олар соңғы сәтке дейін оның "Канеломен" трилогиясына үмітті", - деп ойын ортаға салды Boxing.pl журналисі Конрад Будынек.

    Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық турнирде 4 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.