Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов белгісіз ирандық боксшыдан ұтылып қалды

Жарияланған күні:

Бекзад Нұрдәулетов
Бекзад Нұрдәулетов: olympic.kz

Дубайда бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Үшінші жарыс күнінде Қазақстан командасындағы үздік спортшыларының бірі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліс тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекзад турнирдегі бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ол жарысты ширек финалдан бастаған болатын.

Нұрдәулетовтің қарсыласы – ирандық спортшы Мейсам Гешлаги. Бекзад пен Мейсам арасындағы кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Иран боксшысына берді.

Бұл Бекзадтың 2019 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жеңілісі. Әлеуметтік желіде жанкүйерлер Нұрдәулетовтің таза жеңілгенін айтып, оның турнирде көп ешкімге белгісіз, бокста айтарлықтай табысы жоқ спортшыдан ұтылғанына реніш білдіруде.

«Таза ұтылды, Бекзад! Мойындау керек», «Бекзад шаршаған. Өз-өзіне ұқсамайды», «Өкінішті, бапкері де, Бекзад та ирандықты менсінбей шықты» деп жазуда жанкүйерлер.

Еске сала кетейік, Бекзад Нұрдәуетов 2019 жылғы әлем чемпионы, Амманда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы және Санкт-Петербург губернаторы кубогінің иегері. Ол 81 келі салмақта Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ал Дубайдағы Азия чемпионатында төрт қазақстандық боксшы жарысты аяқтады. Олар – Махмұд Сабырхан (49 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Закир Сафиуллин (64 келі) және Бекзад Нұрдәулетов (81 келі).

Еске сала кетейік, Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларға Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1914599-alem-cempiony-bekzad-nurdauletov-belgisiz-irandyq-bokssydan-utylyp-qaldy/