jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Елдегі кәсіпқой бокс федерациясының басшысы екі айда тегін зал ашып берді

    Қайрат Реимов пен Серік Қонақбаев
    Қайрат Реимов пен Серік Қонақбаев: Азаттық рухы

    Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясына басшы болып тағайындалған Қайрат Реимов өз жұмысына есеп беріп, қысқа мерзімде қандай уәделерін орындағанын айтты. Бұл туралы Азаттық рухына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    «Біз федерацияға жаңа леп әкелеміз деп уәде бергенбіз. Бастамаларды іспен көрсету үшін өткен екі айда жоспарларды жүзеге асыра бастадық. Оның алғашқысы - Profiboxing деп аталатын заманауи спорт залы.. Кәсіпқой боксқа қатысы бар кез-келген спортшы келіп, жаттыға алады немесе турнир өткізе алады. Ол үшін барлық жағдай жасалады және тегін.

    Одан кейін кәсіпқой спортшылардың денсаулығын тексеріп, қадағалайтын көпфункциналдық медициналық орталық іске қосылды. Сосын біздің боксшыларға құқықтық көмек жетіспей жатады. Ол үшін арнайы заңгер мамандарды жұмысқа алдық. Кәсіпқой боксшының әлеуметтік қамтамасыз етілуін де қолға алдық.

    Қазақстан кәсіпқой боксында жетістікке жетуге ниеті бар отандастарымызды жан-жақты қолдамақпыз», - деді кәсіпқой бокс федерациясының президенті Қайрат Реимов.

    Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының құрметті президенті, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, даңқты боксшы Серік Қонақбаев ұйымның жаңа кезеңі басталғанын айтады.

    Жоғарыда айтылған бастамалар бұрын-соңды болмаған. Кәсіпқой бокс шеберлеріне шынайы қолдау қажет.

    «Тегін жаттығу залы, ауыр соққы алған спортшы денсаулығының түзелуіне және шетелге шығар алдындағы құжаттарын рәсімдеп, құқықтық көмектер көрсету көптен бері ойда жүрген еді. Федерацияның жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, ең қажетті қызмет түрлері мен бастамалар жүзеге аса бастағаны қуантып отыр.

    Өзім де осы федерацияның құрылуына атсалыстым. Менен кейін бірнеше азамат жұмысты жалғастырды. Әркім өзінің шамасы келгенше жұмысын істеді. Ал биыл 19 наурызда сайланған кәсіпқой бокс федерациясының президенті Қайрат Ниетбайұлы бірден іске кірісті. Федерацияның қаржылық мүмкіндіктері төмен. Соған қармастан спортшыларды қолдау міндеті қойылған. Міне, іс алға басты деген осы. Біз бұл шаруаларды жан-жақтан қолдауға дайынбыз», - дейді Серік Қонақбаев.

    Елдегі кәсіпқой бокс федерациясының басшысы екі айда тегін зал ашып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.