jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Жәнібек Әлімханұлы әлем боксшыларының үздік ондығына кірді

    Жәнібек Әлімханұлы11
    Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Әлем боксшыларының барлық салмақ санатындағы рейтингі жаңарды. Тізімге екі қазақстандық спортшы енген деп хабарлайды Sports.kz.

    Украинаның vRINGe.com сайты әлем боксшыларының рейтінгін жаңартқан.

    Тізімде таяуда ғана WBА нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты техникалық нокаутпен жеңген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол үздік ондыққа кіріп, жетінші орынға жайғасқан. Ал Роб Брант болса, үздіктер қатарынан шығып қалды. Бұған дейін ол тоғызыншы орында тұрған еді.

    Басылым жасаған рейтингте IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр.

    Сонымен, үздік ондықтың толық тізімі:

    1. Геннадий Головкин (Қазақстан);
    2. Джермалл Чарло (АҚШ);
    3. Деметриус Андраде (АҚШ);
    4. Хайме Мунгия (Мексика);
    5. Эрисланди Лара (Куба);
    6. Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания);
    7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);
    8. Сергей Деревянченко (Украина);
    9. Мацей Сулецки (Польша);

    10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).

    Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Роб Бранттың 10 раундқа жоспарланған кездесуі мезгілінен бұрын аяқталды. Әлімханұлы 8 раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, тіпті алтыншы раундта Брантты нокдаунға жіберді.

    Ал 9 - раунд басталар тұста Роб Брант кездесуді әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.

    Сонымен бірге, отандасымыз Twitter желісінде өз дивизионындағы кіл мықтыларға үндеу жасады.

    "Чемпиондар, қайдасыңдар? Сендерді нокаутқа түсіргім келеді", - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

    Жәнібек Әлімханұлы әлем боксшыларының үздік ондығына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.