Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада-2020: Василий Левиттің нокаутқа түскен сәтінің видеосы жарияланды

Опубликовано:

Левит
Фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында Василий Левиттің испаниялық боксшы Эммануэль Рейес Пладан жеңілген сәтінің видеосы пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кездесудің екінші раундында қазақстандық боксшы өзіне испаниялық карсыласының жойқын соққысын дарытып алды. Левит орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырмақ болған. Алайда төреші кездесуді тоқтатып тастады.

Айта кетсек, отандасымыз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада күміс медаль алған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 69 келідегі салмақтағы боксшы Абылайхан Жүсіпов Токиодағы бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалған болатын.

Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесуінде америкалық боксшы Джонсон Делантеге қарсы шыққан.

Тартысты кездесуде төрешілер 1:4 есебімен жеңісті АҚШ құрамасының өкіліне берді. Өкінішке қарай, Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын Қазақстан командасының бір мүшесі жүлде ауылынан алыста қалды.

Ал Қазақстан командасы бірнеше жыл қатарынан алтын алған 69 келі салмақта бұл жолы жүлдесіз қалып отыр.

Сиднейде Ермахан Ыбырайымов 71 келіде чемпион атанды. Кейін бұл салмақ 69 келіге ауыстырылып, Афины Олимпиадасында Бақтияр Артаев, Бейжің Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев, Рио ойындарында Данияр Елеусінов дәл осы салмақта топ жарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924236-olimpiada-2020-vasilii-levittin-nokautqa-tusken-satinin-videosy-zariyalandy/

pixel