Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбілхан Аманқұл: Бірінші орында елдің намысын абыроймен қорғау маңызды

Жарияланған күні:

Әбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманкұл – Фанат Кахрамонов. Фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында бокстан іріктеу кезеңінің жекпе-жектері жалғасып жатыр. Бүгін 75 келіде сынға түскен отандасымыз Әбілхан Аманқұл алғашқы кездесуін сәтті бастап, жеңіске жетті. Осы орайда ол жекпе-жектің қалай өткеніне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Olympic.kz.

"Бұл менің Олимпиададағы бірінші кездесуім болғандықтан қиын болды. Жалпы, Олимпиадада жекпе-жектер оңай болмайды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Ширек финалдағы қарсыласыммен бұған дейін кездеспегенбіз. Қарсыласымның қандай екенін ринг көрсетеді.

Әрине, құрамада кешегі жігіттердің жеңілісінен кейін көңіл-күй түсіп қалды. Не дегенімен олар фавориттер, мықты спортшылар. Бірақ, рингке шыққанда әркім өзі үшін шығады. Біреу жеңілді деп, бізге де жеңілуге болмайды. Біз бір командамыз. Мұндайда босаңсу дұрыс емес деп ойлаймын.

Біз не үшін келгенімізді білеміз. Олимпиада бала кезден арманымызға айналған. Бірінші орында елдің намысын абыроймен қорғау маңызды", – дейді боксшы.

Айта кетейік, бүгінгі жекп-жекте Әбілхан Аманқұл Өзбекстан құрамасының үздігі Фанат Қахромоновпен кездесті.

Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, үшінші кезеңде де қарсыласынан басым түсті.

Енді ширек финалда отандасымыз Бразилия елінің өкілі Эберт Консейса Соузамен қолғап түйістіреді. Кездесу 1 тамызға жоспарланған.

Еске сала кетсек, Әбілхан Аманқұл 2017 жылғы әлем чемпионатының және 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924613-abilxan-amanqul-mundaida-bosansu-durys-emes/