Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев: Әдістерімді 100 пайыз орындай алмадым

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқыбаев
Қамшыбек Қоңқыбаев. Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек Қоңқабаев бүгін өткен алғашқы жекпе-жегінен соң өз ойын ортаға салды деп жазады Olympic.kz.

+91 келіде жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 айналымда Мысыр елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Төрешілер бірауыздан жеңісті Қамшыбекке берді, ол үш раундта да қарсыласынан басым болды.

"Жекпе-жекте ойымдағы әдістерімді 100 пайыз орындай алмадым. Қанша дегенмен, бірінші кездесу, сондықтан, қобалжу да жоқ емес. Бар күш-жігерімді салдым жеңіс үшін.

Қарсыласым да осал емес, физикалық тұрғыдан мықты әрі бойшаң.

Кейбір әдістерім жақсы шықса, енді бірі өтпей қалды. Сол үшін әр кездесуге дайын болу керек.

Келесі қарсыласым да осал емес. Ресейлік боксшымен спаррингтік кездесулер өткіздім, бірақ жарыс кезінде бәрі де басқаша болатыны анық. Көпшілігі мені Өзбекстан намысын қорғайтын Бахадор Жалоловпен кездестіруге асық. Бірақ мен үшін әрбір қарсылас мықты. Себебі, бұл Олимпиада.

Кеше біраз жігіттің жарысты аяқтағаны да жанымызға батып, көңіл күйімді түсірді. Десе де, елімізді қуантуға дайынбыз, бар күшімізді саламыз", – деді Қамшыбек.

Енді Қоңқабаев ширек финалда Ресей боксшысы Иван Верясовпен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір боксшымыз Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастағанын жазған едік.

Олимпиададағы алғашқы кездесуінде Әбілхан Өзбекстан құрамасының үздігі Фанат Қахромоновты нокаутқа жіберіп, ширек финалға шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924767-qamsybek-qonqabaev-adisterimdi-100-paiyz-oryndai-almadym/

pixel