Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадада "алтын" алған ресейлік боксшы қазақстандықтарға алғыс айтты

Жарияланған күні:

Боксшы
Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Токио олимпиадасында бокстан алтын медаль алған ресейлік боксшы Альберт Батырғазиев қазақстандықтарға алғыс айтты деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook парақшасында.

Әкімдіктің мәліметінше, Альберт Батырғазиевтің ата-анасы 90-жылдары Жаңаөзен қаласында тұрып, жемісті еңбек еткен.

Олардың тұңғыш балалары қазақ жерінде дүниеге келген.

Осы орайда облыс әкімі Серікбай Трұмов жерлестеріне жанкүйер болып, жеңісіне қуанған Маңғыстау жұртшылығының атынан Альберттің ата-анасына құттықтау жеделхатын жолдаған.

Өз кезегінде боксшы да өзіне жанкүйер болған қазақстандықтарға алғысын видео арқылы жеткізген.

"Ассалаумағалейкум, достар! Барлықтарыңызға жалынды сәлем. Мен Маңғыстау облысының тұрғындарына қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін және жанкүйер болғаны үшін алғысымды жеткізгім келеді. Сонымен қатар, өңір басшысына да ата-анама құттықтау жолдағаны үшін көп рақметімді айтамын. Барлықтарыңызды құшақтадым, достар", - дейді Альберт Батырғазиев.

Айта кетейік, осыған дейін де Альберт Батырғазиевтің барлық қазақстандыққа сәлем жолдап, өзінің отбасы туралы баяндаған видеосы желіде тараған еді.

Еске сала кетейік, Альберт Батырғазиев Токио Олимпиадасында бокстан "алтын" алған жалғыз ресейлік спортшы. 57 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшы ақтық сында америкалық Дюк Рэганмен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1927320-olimpiadada-altyn-algan-reseilik-bokssy-qazaqstandyqtarga-algys-aitty/