jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан кореялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

    Боксшы
    Фото: Olympic.kz

    Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырған қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея боксшысы Инго Киммен қолғап түйістірді.

    Кездесу қазақстандық боксшының айқын басымдығымен өтті.

    Отандасымыз төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен ұтты.

    Еске сала кетейік, ұлттық құрама сапында әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ.

    Ал Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарыстың екі сатысын артта қалдырды.

    Одан бөлек, екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Олар: 86 келі сынға түскен Бек Нұрмағамбет және 92 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Нұрлан Сапарбай.

    Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан кореялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.