Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Саматәлі Төлтаев ширек финалға жолдама алды

Опубликовано:

Боксер Саматали Тольтаев
Саматали Тольтаев. Фото: пресс-служба федерации бокса Мангистауской области

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Саматәлі Төлтаев ширек финалға өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі ширек финалда колумбиялық Дуван Золета Моренамен кездескен болатын. Кездесу Төлтаевтың басымдығымен өтіп, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Саматәлі Төлтаев келесі айналымға өтті. Бүгін 54 келідегі Махмұд Сабырхан да ширек финалға жолдама алған болатын. Ол шотландиялық боксшыны 4:1 есебімен жеңіп кетті.

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы сапынан екі спортшы жарысты аяқтады. Олар - Бек Нұрмағамбет (86 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939829-bokstan-alem-cempionaty-samatali-toltaev-sirek-finalga-zoldama-aldy/

pixel