
29 желтоқсан күні Жапонияда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белдігінің иесі Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды КТК.
Жекпе-жек Азиядағы тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта ұйымдастырылады.
"Жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өткізілуі мүмкін, сондықтан оны кешкі уақытта АҚШ-та трансляциялауға болады", - деп жазылған хабарламада.
Елорда мен Токио арасындағы уақыттың үш сағат айырмасын есепке ала отырып, Головкин-Мурата бокс шоуы сәрсенбі, 29 желтоқсанда кешке қарай басталуы мүмкін.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940535-golovkinnin-zaponiyalyq-bokssymen-qasan-zudyryqtasatyny-belgili-boldy/