
Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Сәкен Бибосынов өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның финалына өтіп отыр. Сәкеннің финалдағы қарсыласы - америкалық Рокси Холл.
Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940656-saken-bibosynov-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/