
Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрдәулетов Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы өзбек Фаррух Джураев (6-4-1, 2 КО) болды. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Нұрдәулетовтың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Бекзад Нұрдәулетов үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Фаррух Джураев мансабында бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Ақтаудағы кездесуден кейін Нұрдәулетов әлемдік BoxRec рейтингінде 12 қатар алға жылжыды. Ол 134 - орыннан 122 - орынға көтерілді.
Еске салайық, қазақстандық кәсіби дебютін өткен жылдың қазан айында өткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941010-bekzad-nurdauletov-kasipqoi-bokstagy-kezekti-zenisinen-keiin-alemdik-reitingte-koterildi/