Sports Illustrated журналисі Крис Мэнникс отандасымыз Геннадий Головкин супер орта салмақта мексикалық боксшы Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекке келісуі керек деп есептейді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Егер "Канело"-Головкин жекпе-жегі дәл қазір болмаса, сонда қашан өтеді? Головкин келесі жылы 40 жасқа толады. Риота Муратаны (ред. жапогиялық былғары қолғап шебері) жеңу GGG-ге орта салмақтағы екі чемпиондық белбеуді әкеледі.
Оған салмақ көтеру өзіндік стимул. Себебі "Канеломен" супер орта салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек соңғы онжылдықтағы ең жақсы қарсыластардың бірі ретінде интрига болмақ", - деп жазады Манникс.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.
Журналистр Канелодан Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы сұрағанда боксшы оны алдымен GGG-дің өзінен білуге кеңес берді.
"GGG-ден 168 фунтқа көтерілуге дайын ба, жоқ па, алдымен осыны сұраңыз. Өз басым кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын", - деді Альварес ESPN тілшісі қойған сұраққа.
Айта кетейік, кәсіпқой бокста Альварес екінші орта салмақта (76,2 келі/168 фунт) өнер көрсетіп жүр. Ал IBF пен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақта (72,5 келі/160 фунт) бокстасады.
Бұған дейін Альварес пен Головкин екі рет кездескен. Орта салмақта өткен бірінші жекпе-жекте екі боксшы тең түссе, келесі жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Сол кезде төрешілікке қатысты дау-дамай да болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941062-golovkin-bir-zekpe-zekten-aq-absolyutti-alem-cempiony-atanuy-mumkin/
Пікірлер жүктелуде