jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

    Сауль Альварес
    Сауль Альварес. Фото: Gettty Images/ Ethan Miller / Staff

    WBC, WBA мен WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 KO) GGG-ге қарсы үшінші жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

    Журналистр Канелодан Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы сұрағанда боксшы оны алдымен GGG-дің өзінен білуге кеңес берді.

    "GGG-ден 168 фунтқа көтерілуге дайын ба, жоқ па, алдымен осыны сұраңыз. Өз басым кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын", - деді Альварес ESPN тілшісі қойған сұраққа.

    Айта кетейік, кәсіпқой бокста Альварес екінші орта салмақта (76,2 келі/168 фунт) өнер көрсетіп жүр. Ал IBF пен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақта (72,5 келі/160 фунт) бокстасады.

    Бұған дейін Альварес пен Головкин екі рет кездескен. Орта салмақта өткен бірінші жекпе-жекте екі боксшы тең түссе, келесі жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Сол кезде төрешілікке қатысты дау-дамай да болған.

    "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.