Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов туған жері Павлодарға оралды. Былғары қолғап шебері төрешілердің қызметі мен "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің байрақты бәсекеде қолдауы қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
"Төрешілерге келер болсақ, кейбір спортшыларымыз үшін әділетсіз болып көрінгенімен, жалпы алғанда жақсы жұмыс істеді. Бірақ Олимпиада комитеті мен бокс федерациясы бізге өте жақсы қолдау көрсетті. Сонымен қатар Арман да (ред. Арман Жұмагелдиев) бізді қолдады", - деп пікір білдірді Серік Теміржанов.
Еске сала кетейік, бокстан Белградта өткен әлем чемпионатында "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиев вип қонақтар қатарында болды. Ол әлемдік сынға АІВА басшыларының шақыртуымен барған.
Сондай-ақ, чемпионат барысында ол шаршы алаңға шығатын боксшыларды жігерлендіріп, кейін жеңіліп қалған споршыларға қомақты ақшалай сыйақы берді.
Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.
Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941490-otandyq-bokssy-algas-ret-dikii-armannyn-alem-cempionatyndagy-roli-turaly-aitty/