jitsu gif
Спорт

    "Модель болу керек": Отандық боксшы қыз ашық образдағы видео жариялап, желіні шулатты

    Боксшы
    Фото: Instagram/angelina_lukas1997

    Танымал қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жариялап, ерлер қауымын естен тандырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Былғары қолғап шебері көптің талқысына түскен видеосын Instagram-да жүктеді.

    Кадрдан спортшы қыздың жартылай ашық киіммен фотостудияда жүргенін байқауға болады.

    "Менде үлкен күш бар. Ол - өзім! Ешқашан өзіңіз қалайтын және ұнайтын нәрсені жасаудан қысылмаңыз! Өмір - қызықсыз нәрселерге уақытты арнау үшін өте қысқа. Маған лайк пен пікірлер қалдырыңыз", - деді ол.

    Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жаңбырша жаудырды.

    "Өте сұлусың", "От болып тұрсың", "Барбиге ұқсап тұрсың", "Сұлу қыз", "Бұл видео бомба", "Сұлу қыз саған бокстың не қажеті бар. Модель болуды ұсынамын", деді олар.

    Айта кетейік, 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе жегін өткізеді. Оның қарсыласының есімі айтылмады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.