
Ливерпульде (Англия) ирландиялық Кэти Тейлор мен қазақстандық Фируза Шарипова арасында жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрымды боксшылар рингте жоспарланған он раундты өткізді.
Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Кэти жеңіске жетті: 98-92, 97-92, 96-93

Осылайша, ирландиялық боксшы WBC, WBA, WBO, IBF және The Ring журналы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеулерін сақтап қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1946532-firuza-saripova-irlandiyalyq-bokssyga-ese-ziberdi/