Әуесқой бокстан Қазақстан командасының жаңа капитаны сайланды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың мәліметінше, құрама капитаны міндеті тәжірибелі боксшы Асланбек Шымбергеновке сеніп тапсырылған.
Айта кетелік, Токио Олимпиадасына дейін капитан міндетін Қамшыбек Қоңқабаев атқарды.
Ал Белградтағы әлем біріншілігіне Қазақстан командасы Абылайхан Жүсіпов бастап барған болатын.
Еске сала кетсек, бұған дейін бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов мансабын кәсіпқой бокста жалғастыратынын жазған едік.
24 жастағы қазақстандық спортшы Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1955212-bokstan-qazaqstannyn-bas-bapkeri-quramadagy-ozgeristerdi-aitty/