Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойханадан көлікпен алып кетті": Қазақстандық боксшы шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

Боксшы Нұрлан Сапарбай үйленді
скриншот: instagram.com/sakenbibosinov/

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлан Сапарбай шаңырақ көтерді. Боксшы сүйіктісін ұзатып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әзірге, спортшының таңдауы түскен қалыңдық жайлы ақпарат жоқ.

Тойға боксшының достары жиналған, олардың қатарында әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бар.

Нұрлан Сапарбай көптен бері ұмыт қалған заманауи дәстүрлердің бірін қайта жаңғыртып, көзге түсті. Боксшы қалыңдығын алып кету үшін тойхананың ішіне қымбат көлікті арнайы кіргізген.

Айта кетелік, 2000 жылдардың орта тұсында еліміздегі тойханаларда бұл сәнге айналған болатын.

Нұрлан Сапарбай - аса ауыр салмақтағы ел чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы. 24 жастағы боксшыны белгілі бапкер Мырзағали Айтжанов жаттықтырады. Ол Түркістан облысының намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1960477-toixanadan-kolikpen-alyp-ketti-auyr-salmaqtagy-qazaqstandyq-bokssy-sanyraq-koterdi-video/

pixel