jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетіледі

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

    9 сәуірде Жапонияда өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Sports.kz.

    Айта кетейік, жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

    Отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).

    Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде көрсетілмейді.

    Ал Қазақстанда Головкин-Мурата жекпе-жегін нақты қай телеарна көрсететіні белгісіз.

    Дегенмен Qazaqstan телеарнасының 9 сәуірге арналған бағдарламалар кестесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін бокс көрсетілетіні жазылған. Бұл уақыт отандасымыздың шаршы алаңға шығатын уақытымен сай келеді.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесу үшін шамамен қанша гонорар алатыны белгілі болған еді.

    Алдын ала болжам бойынша отандасымыз бұл жекпе-жек үшін 12,3 млн доллар, ал Риота Мурата 4,1 млн доллар гонорар алуы мүмкін.

    Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.