Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Toru Hanai/Getty Images

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кеше өткен жекпе-жегінен кейін Boxrec.com рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында көш бастады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Кеше Риота Муратаны нокаутпен жеңген Геннадий Головкин BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға шықты.

Екінші орынға 678.4 ұпаймен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жайғасты. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді

Айта кетейік, қос боксшының арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде өткен болатын. Оның нәтижесінде отандасымыз Геннадий Головкин жеңімпаз атанды. Ол қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Кездесу соңында "GGG" өзінің рингке киіп шыққан қазақтың ұлттық шапанын шешіп, оны Муратаға жапты.

Сондай-ақ Головкин жекпе-жектен кейін қарсыласына барып, оған чемпиондық белбеуін қайтарып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964348-gennadii-golovkin-alemdik-reitingide-kos-bastady/