Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл естен кетпес сапар болды": Головкин жанкүйерлері мен жапон халқына алғыс айтты (видео)

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: Instagram/gggboxing

Боксшы Геннадий Головкин барлық жанкүйерлеріне оның ішінде жапон халқына деген ризашылығын білдіріп, Instagram парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күн Шығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйеріме шексіз ризашылығымды білдіремін. Көріскенше!", - деп жазды әйгілі отандасымыз.

Айта кетейік, 9 сәуір күні Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті боксшы Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізіп, кәсіби мансабындағы 44-ші жеңісіне қол жеткізді.

Осылайша, ол WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды.

Одан бөлек кездесу аяқталған соң Головкин қазақтың ұлттық шапанын шешіп, Риота Муратаға кигізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964687-bul-esten-ketpes-sapar-boldy-golovkin-zankuierleri-men-zapon-xalqyna-algys-aitty-video/