Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз күшіме сенемін": Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы алдағы кездесуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Дэнни Дигнум
Дэнни Дигнум. Фото: prosports.kz

Британиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8КО) алдағы уақытта отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, боксшылар арасындағы кездесу 21 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Дэнни Дигнум бұл кездесуде қазақстандық боксшыны жеңіп, WBO тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағына қол жеткізетініне сенімді.

"Мен Жәнібекпен WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтетініне қуаныштымын. Лас-Вегастағы шоудың хедлайнері болу арманым орындалды. Мен еңбегім ақталып, осындай деңгейге жеткеніме қуаныштымын. Мен өз күшіме сенемін және Лас-Вегасқа осы атақты жеңіп алу үшін келемін", - дейді британиялық боксшы Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Ал Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қатысты пікірін өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Жақында қазақ ұлтында жаңа әлем чемпионы болады, бұйырса", - деді ол.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

Ал Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1966913-oz-kusime-senemin-zanibek-alimxanulynyn-qarsylasy-aldagy-kezdesuge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel