jitsu gif
Спорт

    Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегін қай отандық телеарна көрсетеді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға қарсы жекпе-жегін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы телеарна Instagram парақшасында хабарлады.

    АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін былғары қолғап шеберлерінің кездесуі "Хабар" телеарнасының тікелей эфирнінен 22 мамыр күні сағат 08:00-де көрсетеді.

    "Жерлесімізге жанкүйер болыңыздар! Алға, Қазақстан", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, боксшылар WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын сарапқа салмақ.

    Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

    Ал Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

    Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегін қай отандық телеарна көрсетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.