Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Альварес Головкинмен үшінші кездесудің жалғыз шартын жариялады

Опубликовано:

Головкин - Сауль Альварес
Геннадий Головкин - Сауль Альварес. Фото: Al Bello/Getty Images

Промоутер Эдди Хирн "Канело" ресейлік былғары қолғап шеберімен тезірек реванш өткізуге тырысады" деген пікірде. Өйткені мексикалық боксшы мамыр айының басында Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетейік, Сауль "Канело" Альварес осы жылдың қыркүйек айында Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда ресейлік боксшыдан ұтылған оның жоспарына өзгерістер енген көрінеді.

Головкиннің промоутері GGG мен мексикалық боксшы арасындағы кездесудің әлі де өтуі мүмкін екенін атап өтті.

"Сауль Альвареспен тілдестім. Алдағы күндері әрі қарай не істейтінімізді талқылаймыз. Біз оның қыркүйекте орта салмақта "абсолютті әлем чемпионы" атағы үшін Геннадий Головкинмен жұдырықтасу жоспары бар екенін білеміз. Бұл кездесуді өткізуіміз керек, алайда "Канело" Дмитрий Биволмен реваншты күтіп отыр.

Ол Биволмен қайта қолғап түйістіргеннен соң ғана Головкинмен жұдырықтасады деп ойлаймын.

Оны ұйымдастырудың жалғыз мүмкіндігі осы ғана секілді. Сонымен, алдағы күндері "Канеломен" сөйлесіп, бір аптадан кейін шешім қабылдаймыз. "Канело" Дмитрий Биволмен реванш шартын әлі нақтылаған жоқ. Біз алдағы апта және демалыс күндері барлығын талқылаймыз", - деді Хирн шетелік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, 8 мамырда Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек өтті.

Он екі раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол мексикалық қарсыласынан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970532-alvares-golovkinmen-usinsi-kezdesudin-zalgyz-sartyn-zariyalady/

pixel