Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эдди Хирн Бивол мен "Канело" арасындағы реванш қашан өтуі мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Альварес пен Бивол
Фото: boxingscene.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы екінші жекпе-жек 2023 жылы өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Боксшылар арасындағы реванш келесі жылдың мамыр айында өтеді деп болжанып отыр.

"Мен Биволмен және оның командасымен сөйлестім. Біз келесі жылы Синко де Майода өтуі мүмкін реванш аясында жұмыс істеп жатырмыз. "Канело" бұл жекпе-жектен ешқашан бас тартпайды", - деп келтіреді FightSpace Telegram парақшасы Хирнның сөзін.

Еске салайық, 7 мамыр күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен бокс кешінде "Канело" жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды.

Мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы 2022 жылдың 17 қыркүйегінде өткізеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1971130-eddi-xirn-bivol-men-kanelo-arasyndagy-revans-qasan-otetinin-aitty/

pixel