
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) америкалық Деметриус Андрадеге тиесілі басты чемпиондық белбеуді жекпе-жексіз алғысы келмейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы спортшы өз Twitter парақшасында жазды.
"Шынымды айтсам, мен Андраденің титулды бергенін қаламаймын. Ол менімен жекпе-жек өткізсе жақсы болар еді. Оны нокаутқа түсіргім келеді. Жекпе-жексіз чемпион болу жақсы, бірақ чемпионды нокаутқа түсіру одан да керемет", - деп жазды 29 жастағы боксшы.
Айта кетейік, 20 шілдеде Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми түрде Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегін белгілеп, боксшыларға кездесуді ұйымдастыру бойынша келіссөз жүргізуге 30 күн уақыт берді. Көрсетілген мерзімде мәміле жасау мүмкін болмаса, промоутерлік сауда жарияланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1980807-cempiondyq-belbeudi-zekpe-zeksiz-algym-kelmeidi-alimxanuly-manyzdy-malimdeme-zasady/