jitsu gif
Спорт

    Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде нешінші орында тұр

    Головкин мен Альварес
    Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Ethan Miller/Getty Images

    Танымал қазақстандық спортшы Геннадий Головкин BoxRec.com нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшылары рейтингінде сегізінші орында тұр, деп хабарлайды Fighter Channel Telegram арнасы.

    Бірінші орында мексикалық Сауль Альварес, екінші орында АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд тұр, ең мықтылардың үштігін ресейлік Дмитрий Бивол түйіндеген. Ал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сегізінші орынға жайғасқан.

    BoxRec нұсқасы бойынша 2022 жылдың тамыз айындағы pound-for-pound боксшыларының рейтингі:

    1. Сауль Альварес (Мексика);
    2. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
    3. Дмитрий Бивол (Ресей);
    4. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);
    5. Александр Усик (Украина);
    6. Эррол Спенс-кіші (АҚШ);
    7. Наоя Иноуэ (Жапония);
    8. Геннадий Головкин (Қазақстан);
    9. Шакур Стивенсон (АҚШ);
    10. Деонтей Уайлдер (АҚШ).

    Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (АҚШ) үшінші жекпе-жек өткізеді.

    Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде нешінші орында тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.