Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дмитрий Биволдың кезекті қарсыласы анықталды

Опубликовано:

Дмитрий Бивол и Сауль Альварес
Дмитрий Бивол - Сауль Альварес. Фото: Al Bello/Getty Images

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың қарсыласы белгілі болды, деп жазады boxingscene.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Биволдың бұл жолғы қарсыласы да мексикалық спортшы. Ресейлік боксшы Альварестің отандасы Хильберто Рамиреспен қолғап түйістіреді.

Жекпе-жек 5 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді деп жоспарлануда. Тараптар промоутерлік саудасыз өзара келісімге келген.

Айта кетелік, 31 жастағы Дмитрий Бивол әйгілі Сауль Альваресті жеңген соң, әлемге танылған болатын.

Сондай-ақ Қырғызстанда туып, кейін Ресейге көшкен Дмитрий Бивол қазақстандық Геннадий Головкин туралы ойымен де бөлісті.

Ол Головкин мен Альварес кездесуінің фаворитін де атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1984330-dmitrii-bivoldyn-kezekti-qarsylasy-anyqtaldy/

pixel