Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Андраде Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартып, WBO титулын бос қалдырды

Опубликовано:

Боксер Деметриус Андраде
Деметриус Андраде. Фото: DAZN.COM

Америкалық боксшы Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты. Сөйтіп WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы титул бос қалды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Андраде екінші орта салмаққа (76 келіге дейін) ауысып, Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) уақытша белбеуіне таласуға бел буды.

Британиялық Зак Паркер оның қарсыласы болады. Бұл кездесудің жеңімпазы - қазір мексикалық Сауль Альварес иеленетін WBO титулына міндетті үміткер. Ал орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион (72 келіге дейін) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Андраде чемпиондық атағын қорғаудан бас тартқандықтан, ұйымның толық чемпионы атануға тиіс.

Еске салсақ, бұған дейін WBO Деметриус Андрадеге Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізуді немесе орта салмақтағы белбеуді босатуды міндеттеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1984414-andrade-alimxanulymen-zekpe-zekten-bas-tartyp-wbo-titulyn-bos-qaldyrdy/

pixel