Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан командасының бұрынғы бас бапкері Африкаға кетіп қалды

Опубликовано:

Ерік Алғабек Марокко құрамасын жаттықтыруда
Ерік Алғабек. Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бұрынғы бас бапкері Ерік Алғабек Марокко құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ерік Алғабек бокстан Марокконың ерлер және әйелдер командасын қатар жаттықтырады. Келісімшарт екі жылға дейін жарамды. Яғни, 2024 жылғы Париж Олимпиадасы аяқталғанша қазақстандық маман африкалық құраманың тізгінін ұстамақ.

Қазіргі таңда Ерік Алғабек өз боксшыларын 9 қыркүйек күні Мозамбикте басталатын Африка чемпионатына дайындауда. Ерлер және әйелер командасының алдында мейлінше көбірек жүлде алу міндеті тұр.

Айта кетелік, Ерік Алғабек 2019/2021 жылдар аралығында Қазақстан әйелдер командасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен Надежда Рябец Токио Олимпиадасына қатысқан болатын.

Сондай-ақ, Ерік Алғабек кәсіби боксшы Фируза Шариповның алғашқы жаттықтырушыларының бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1985956-bokstan-qazaqstan-komandasynyn-buryngy-bas-bapkeri-afrikaga-ketip-qaldy/

pixel