Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин-"Канело" жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Sarah Stier/Getty Images

Бүгін таңертең Лас-Вегаста T-Mobile кешенінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегі өтті. Кездесу қазақстандықтың жеңілісімен аяқталды. Кейінірек трилогияның толық видеосы Youtube-те пайда болды.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Бұл кездесуде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Ол орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Бұл былғары қолғап шеберлерінің арасындағы үшінші айқас.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған сын тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.

Еске сала кетейік, бүгін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес андеркадында тағы бір отандасымыз өнер көрсетті. Он раундқа жалғасқан айқаста Әли Ахмедов америкалық қарсыласы Габриэль Росадодан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988366-golovkin-kanelo-zekpe-zeginin-tolyq-videosy-paida-boldy/

pixel