jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жасы келіп қалды": Танымал қазақстандық боксшы Бахрейн құрамасына ауысып кетті

    Азат Махметов жеңіске жеткен сәт
    Азат Махметов. Фото: kfb.kz

    Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Азат Махметов Бахрейн құрамасына ауысты. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы да ресми түрде растап отыр, деп жазады Bassport.kz.

    Азат Махметовтің Бахрейнге ауысқаны туралы ақпарды алдымен оның ағасы Айдар Махметов әлеуметтік желіде жариялады.

    "Бауырым Азат Махметов биылдан бастап Бахрейн атынан сынға түседі. Ол бүгінге дейін аталған мемлекет үшін екі алтын алып үлгерді. Жекелеген спорт түрлері кей кезде өте қатал. Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында елдің атынан бір ғана спортшы сынға түсе алады. Мәселен, атағы алысқа кеткен Александр Карелин тұтастай балуандар буынының жолын кесті деп айтады. Өйткені, ол спорттық мансабы аяқталғанша бірде бір ел чемпионатынан сырт қалмай, бәрінде жеңіске жетіп отырған.

    Бокстан Қазақстан командасында да бәсекелестік өте жоғары. Кейбір салмақтарда бәсекелестіктің мықтылығы сонша, кез келген спортшы Олимпиада немесе әлем чемпионатына бара алмайды. 31 жастағы Азат үшін 51 келіде ел құрамасында сынға түу ауыр, өйткені, бұл салмақта сөзсіз көшбасшы бар. Ал кәсіби боксқа ауысу үшін інімнің жасы келіп қалды. Сондықтан оның әуесқой бокстағы мансабын одан әрі созып, Бахрейннен келген ұсынысты қабылдауда жөн көрдік. Түсіністік танытқан Қазақстан бокс федерациясына рахмет", – деп жазды Айдар Махметов.

    Осы орайда, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков аталған боксшыға ешқандай шағым жоқ екенін айтты.

    "51 келі салмақта бәсекелестік өте жоғары. Әлем чемпионы әрі Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов бар. Одан бөлек, бой көтеріп келе жатқан жастар көп. Сондықтан, Азаттың бұл өтінішіне түсіністікпен қарадық. Азат талантты әрі тәжірибелі боксшы. Бахрейн құрамасында оған тек сәттілік тілейміз. Бұл әзірге командаға түскен жалғыз өтініш. Одан бөлек, ұлттық құрама ауыстыру ниетінде жүрген боксшылар жоқ", – деді Мықтыбеков.

    Азат Махметов Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 2017 жылы өткен Ислам ойындарының жеңімпазы. Сондай-ақ, Президент кубогінің чемпионы. Ол Атбасар бокс мектебінің түлегі саналады.

    "Жасы келіп қалды": Танымал қазақстандық боксшы Бахрейн құрамасына ауысып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.