Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рингке шығар алдындағы сәт": Жәнібек Әлімханұлы желіде тарихи фотосын жариялады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы бапкерімен жаттығуда
Видеодан кадр: instagram.com/buddymcgirtboxing

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тарихи фотомен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл сурет біз үшін тарихи сурет. Америкадағы дебют. Рингке шығар алдындағы сәт. 2018 жыл. Дәл бүгінгі күн! Уақыт", - деп жазды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 30 қыркүйекте Жәнібек Калифорния штаты Окленд қаласына колумбиялық Карлос Гальванмен жекпе-жек өткізген еді. Аталған кездесуде отандасымыз қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы 12 жекпе-жегін Америка Құрама штаттарында өткізген. Сонымен қатар былғары қолғап шеберінің екі айқасы Қазақстанда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990392-ringke-sygar-aldyndagy-sat-zanibek-alimxanuly-zelide-tarixi-fotosyn-zariyalady/

pixel