jitsu gif
Спорт

    "Техникалық нокаут": Қазақстандық боксшы Мексикада жергілікті спортшыдан басым түсті (фото)

    Боксшы
    Бек Нұрмағанбет. Фото: sports.kz

    Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Suleimen Promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Күш атасын танымас. Бұл сөздер Бекке арналған. Жеңіс бізде. Бек Нұрмағамбет қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Бүгін жігіттер жарады. Қазақтың көк туын желбіретті", - делінген хабарламада.

    Бокс кешінде отандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы жергілікті Лусиано Араухо болды. Супер орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарлған еді.

    Айта кетейік, Бек Нұрмағамбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол бірде-бір рет ұтылмаған.

    "Техникалық нокаут": Қазақстандық боксшы Мексикада жергілікті спортшыдан басым түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.