Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас кеше, 22 қазанда Түркияда кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізді. Ол титулдық жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бүгін алғашқы чемпиондық титулымды жеңіп алдым! Алла маған Қазақстан үшін әлі де көптеген атақтарға қол жеткізуді нәсіп етсін. Алға, Қазақстан!", - деп ағынан жарылды отандық былғары қолғап шебері.
Айта кетейік, Стамбул қаласында өткен бокс кешінде Ангелина Лукас Украина өкілі Алена Гуриевамен жұдырықтасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасқан жоқ. Екінші раундта Ангелина Лукас қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, отандық боксшы жеңіл салмақтағы UBO International титулын жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл - Ангелина Лукастың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1994077-alla-nasip-etsin-angelina-lukas-tituldyq-zekpe-zekten-son-malimdeme-zasady-video/