jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бибосынов анық барады": Бас бапкер Азия чемпионатына қатысатын толық құрамды қашан айтады

    Сакен Бибосынов жекпе-жек кезінде
    Сакен Бибосынов. Фото: instagram.com/olympickz

    30 қазан мен 13 қараша аралығында Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты өтеді. Биылғы маусымның соңғы турниріне Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz.

    Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов толық құрамды әлі жариялаған жоқ. Ол соңғы әрі нақты шешім қашан қабылданатынын айтты.

    "Қазір Жаңа Алексеевка ауылында соңғы жаттығу жиынымызды өткізіп жатырмыз. Бірнеше салмақта Азия чемпионатына кімдердің қатысатынын енді анықтаймыз. 26 қазан күні спаррингтік кездесулер өтеді, содан соң Амманға баратын құрам толық жасақталады", - деді Сәтжанов.

    Айта кетелік, Азия чемпионатына төмендегі спортшылардың нақты қатысатыны анық:

    Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).

    Қалған салмақта Азия біріншілігіне баратын боксшылар есімі 26 қазанда анықталады.

    "Бибосынов анық барады": Бас бапкер Азия чемпионатына қатысатын толық құрамды қашан айтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.