Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшының қатысуымен өткен жекпе-жек нокаутпен аяқталды

Опубликовано:

Нұрқанат Райыс
Нұрқанат Райыс. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жекте отандық былғары қолғап шебері қырғызстандық Сағын Сатыбалды уулумен кездесті.

Жекпе-жектің екінші раундында Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, отандық боксшы Азия біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазіргі уақытта турнирдің жартылай финалына он алты қазақстандық шықты. Демек кем дегенде ел қоржынына он алты медаль түсіп отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996089-qazaqstandyq-bokssynyn-qatysuymen-otken-zekpe-zek-nokautpen-ayaqtaldy/

pixel