Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) аталған тұжырым аясында кездесу өткізіп, кейін комаға түскен қазақстандық Айдос Ербосынұлына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Өткен сенбіде Дэвид Моррелге қатысты кездесу өткізіп, кейін Миннесота ауруханасына жеткізілген Айдос Ербосынұлының жағдайын WBA мұқият бақылауда. Қазақстандық боксшы кубалықпен ауыр жекпе-жек өткізіп, 12-раундта нокаутпен жеңіліп қалды. Ол бұл кездесуде жеңіске жету үшін бар күшін салған болатын.
Түрлі басылымдарда Ербосынұлы жасанды комаға түскені және оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында екені жазылды. Сондай-ақ, боксшы өнер көрсететін Suleymen Promotions Айдостың өміріне төнген қауіп сейілгенін хабарлады.
WBA оқиғаның мән-жайын назарда ұстап, Ербосынұлы тезірек қатарға қосылады деп үміттенеді. Одан бөлек, барша бокс әлемі ол үшін дұғада отыр", - делінген WBA хабарламасында.
Айта кетелік, сенбі күнгі кездесуден соң Айдос Ербосынұлы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Suleimen Promotions компаниясы барлық шығынды өз мойнына алды.
"Suleimen Promotions компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы және денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің қайтпас қайсар батырымыз біз үшін кәсіпқой бокстағы "ең үздік" болып қала бермек. Қазір Айдос Минеаполис қаласындағы үздік клиникалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, жағдайы бірқалыпты, біз оның денсаулығы жақсаратынына сенімдіміз", - деп хабарлады компания.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996395-zagdai-bizdin-baqylauda-wba-aidos-erbosynulyna-qatysty-malimdeme-zasady/