Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайта оралам": Екі жылға жуық шаршы алаңға шықпаған белгілі боксшы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Садриддин Ахмедов
Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

Белгілі боксшы Садриддин Ахмедов ұзақ үзілістен кейін қашан шаршы алаңға оралатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"24 желтоқсан Алматы қаласындағы бокс кешінің басты айқасының бірінде рингке қайта оралам.

Менің жекпе-жектерімді әркез сағынатын Қазақ еліне рақмет! Sadriddin “S.O.Q” Ahmedov сіздерге шоу сыйлауға сақадай сай! Бокс кешінде жүздескенше", - деді кәсіпқой боксшы.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың басында Мексикада өткізген еді. Ол кездесуде отандасымыз голландиялық боксшыны төрешілердің шемімімен ұтты.

Осылайша, былғары қолғап шебері бірінші орта салмақтағы NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1999721-qaita-oralam-eki-zylga-zuyq-sarsy-alanga-syqpagan-belgili-bokssy-malimdeme-zasady/