Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өтетін бокс кешіндегі Садриддин Ахмедовтың қарсыласы кім

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/sadriddin_soq

Белгілі боксшы Садриддин Ахмедов ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралмақ. 24 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінде былғары қолғап шебері өнер көрсетеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік астанада өтетін турнирде Садриддин Ахмедов Оңтүстік Африка өкілі Нкулулеко Мхлонгомен жұдырықтаспақ. Бұл ақпаратты боксшының өзі Instagram Stories-те растады.

Садриддин Ахмедов-Нкулулеко Мхлонго жекпе-жегі кештің басты кездесуі болады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов өзінің соңғы айқасын 2021 жылдың басында Мексикада өткізген еді. Ол кездесуде отандасымыз Нидерланд өкілін төрешілердің шемімімен ұтты.

Осылайша, былғары қолғап шебері бірінші орта салмақтағы NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2000653-almatyda-otetin-boks-kesindegi-sadriddin-axmedovtyn-qarsylasy-kim/